АлЭС электр монтері бильярдтан Қазақстан кубогын жеңіп алды

АлЭС электр монтері бильярдтан Қазақстан кубогын жеңіп алды

АлЭС қызметкері Дәулет Қарамолдаев «Аралас пирамида бойынша Қазақстан кубогы» беделді рейтингтік турнирінің жеңімпазы атанды. Ол дәлдік пен стратегиялық ойлау шеберлігін көрсете отырып, жарысты нық жеңіспен бастады. 

Жартылай финалда және финалда Дәулет Қарамолдаев қарсыластарын 5:3 есебімен ойсырата ұтты. Осылайша ол аралас пирамида бойынша 2025 жылғы Қазақстан чемпионы атанды.

Дәулет өзінің еңбек жолын 1-ЖЭО-да релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын жөндеу бойынша электр монтері болып бастады. Қазір ол Батыс жылу кешені электр техникалық цехының бастығы. 

Оның пікірінше, энергетик - перспективті, жауапты және сұранысқа ие мамандық.

«Менің мамандығымның әлеуметтік маңызы зор. Электр энергетикасы біздің өміріміздің маңызды бөлігі болып табылады», - дейді Дәулет Қарамолдаев.