«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Алматыға жұмыс сапары аясында «АлЭС» АҚ-ның ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту бағытындағы құрылыс алаңдарына барды. Компания басшысы станциялардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жобалардың ағымдағы іске асырылу кезеңдерімен танысты.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңдарында негізгі дайындық жұмыстары аяқталып қалды, соның ішінде кеден қоймасы, отын қоймалары, құрылыс материалдары және өзге де қосалқы инфрақұрылым нысандары. Қазір жер қазу және қадалау жұмыстары жалғасуда, іргетас қалауға дайындық жүргізілуде.
Таяу арада негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары, газ турбинасы, қазандық және бу турбинасы секілді негізгі жабдықтарды кезең-кезеңімен жеткізу жалғасатын болады.
Самұрық-Энерго басшысы мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесуде жаңғырту жөніндегі жобаларды уақтылы іске асырудың маңыздылығын атап өтіп, құрылыс жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеуді және мерзімдерін өзгертуге жол бермеуді тапсырды.