KAZENERGY өкілдері Павлодар облысындағы Самұрық-Энерго кәсіпорындарына барды

KAZENERGY өкілдері Павлодар облысындағы Самұрық-Энерго кәсіпорындарына барды

KAZENERGY қауымдастығының Атқарушы директоры Дамир Нарынбаев және Энергетика саласын дамыту департаментінің директоры Еділ Көпенов Павлодар облысындағы "Самұрық-Энерго" АҚ еншілес ұйымдарына барды. Олар Екібастұз ЖЭО, Екібастұз 1-МАЭС, Екібастұз 2-МАЭС және "Богатырь-Көмір"ЖШС-де жұмыс сапарымен болды.

Қауымдастық өкілдері кәсіпорындардың ағымдағы қызметімен танысып, компаниялардың басшыларымен және ұжымымен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында өңірдің энергетика саласын дамыту, әлеуметтік бастамалар мәселелері қаралды. Сондай-ақ, тарифтік саясат мәселелері және басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. 

Саладағы жұмысшы мамандарды қолдау мен дамытудағы маңызды қадам болып табылатын "Жұмысшы мамандықтары жылына" ерекше назар аударылды.