«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов Жұмысшы мамандықтар фестивалінде Жылу энергетиктері үйін аралады. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Қор басшысын электр қуатын өндірудің толық технологиялық процесі көрсетілген электр станциясының динамикалық макетімен таныстырды.
Интерактивті аймақта Самұрық-Энерго еліміздегі ең ірі электр станцияларының бірі - Екібастұз 1-МАЭС макетін ұсынды. Макетте станция инфрақұрылымының негізгі элементтері ұсынылған, олар электр станциясының халықты және өнеркәсіп кәсіпорындарын электр қуатымен қамтамасыз етудегі ауқымдылығы мен маңыздылығын көрсетеді.
Әсіресе велогенераторлар фестивалға қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, олар педальды айналдыру арқылы электр энергиясын өндіру принципін айқын көрсетеді. Бұл құрылғылар механикалық энергияның электр энергиясына қалай айналатынын көрсетеді. Көрмеге келушілер «Богатырь» кесіндісінен алынған көмірді өз көздерімен көріп, ақылды касканы киіп, электр станциясы қызметкерлерінің жұмыс құралдарын қолдарында ұстауға мүмкіндік алды.
Фестиваль алаңында Qazaq Green Power PLC Басқарушы директоры Юлия Курий сөз сөйледі. Сарапшы көрмеге қатысушыларға еліміздегі гидроэнергетиканы дамытудың маңызды аспектілері, келешек жобалары туралы айтып берді, сондай-ақ оқушыларға гидроэлектростанцияларда қандай мамандықтар сұранысқа ие екендігі туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ, фестиваль аясында Самұрық-Энерго іс-шараға қатысушылар арасында электр энергетикасы тақырыбына түрлі интерактивті конкурстар, квиздер өткізді, онда қатысушылар өздерінің білімдері мен дағдыларын тексере алды.
Самұрық-Энерго - Қазақстандағы энергетика саласының көшбасшысы болып табылады. Компаниялар тобында 18 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 17,3 мыңы жұмысшы мамандық өкілдері.