Өскемен және Шүлбі СЭС туралы

Өскемен және Шүлбі СЭС туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік шешімдеріне сәйкес «жасыл» энергетиканы дамытуға мамандандырылған жеке заңгерлік құрылымда ЖЭК және СЭС активтерін шоғырландыру мақсатында «Qazaq Green Power PLC» жария компаниясына (акциялары «Самұрық-Энерго» АҚ-ға 100% тиесілі), «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС мен «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС берілді,. 

Активтерді осылайша беру  Qazaq Green Power PLC жарғылық капиталын Qazaq Green Power PLC-тің акцияларын өзінің Жалғыз акционері – «Самұрық-Энерго» АҚ-ға орналастыра отырып ұлғайту арқылы жүзеге асырылды. Qazaq Green Power PLC-тің орналастырылған акцияларын төлеуге «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС мен «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС-ның 100% қатысу үлесі берілді. 

Жоғарыда аталған активтерді беру нәтижесінде «Самұрық-Энерго» АҚ өзінің 100% еншілес компаниясы Qazaq Green Power PLC арқылы «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС мен «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС үлестерін иеленуді жалғастыруда.