Самұрық-Энерго құрамасына қатысушылар шаңғы жарысында сәтті өнер көрсетіп, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының I Қысқы спартакиадасының үздік ондығына кірді.
40 жасқа дейінгі санаттағы ерлер арасында Қанат Қалиханов тоғызыншы нәтиже көрсетіп, шаңғы жарысының ең мықты қатысушыларының бірі атанды. 40+ санатында 10 мықтыға Ғалымжан Мақышев кірді.
40+ санатындағы әйелдер арасында Светлана Задорина (7-ші орын) мен Валентина Муллина (10-шы орын) үздік атанды.
Самұрық-Энерго құрамасы мықты командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыстың үлгісін көрсетті! Біз командамыздың әрбір мүшесін мақтан тұтамыз және әріптестерімізге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!