«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтовтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті  ханымдар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл күн біз үшін Сіздердің еңбектеріңіз, кәсіпке деген адалдықтарыңыз үшін ризашылығымызды білдіруге тамаша мүмкіндік. 

Сіздер күн сайынғы қажырлы еңбек пен табандылықтарыңыздың арқасында қоғамның қай саласында болмасын шынайы да адал қызмет арқылы зор биіктерге жетуге болатындығын дәлелдеп келесіздер. Сіздер энергетика саласында да белсенділік танытып, өздеріңіздің берік ұстанымдарыңыздың нәтижесінде осы саланың болашақ дамуына зор үлес қосудасыздар.  

Бүгінгі таңда қыз-келіншектердің «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы үлесі 26%, ал «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының басқару органдарындағы үлесі 20% құрап отыр. Алдағы уақытта да бұл көрсеткішті кезең-кезеңімен арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыра беретін боламыз. 

Өткен жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-да алғаш рет Қоғамның компаниялар тобы бойынша Әйелдер клубы құрылып, менің қолдауыммен 2024 жылдың қыркүйегінде Компанияда алғашқы Әйелдер форумы өтті. 

Біз командамызда өз мамандығы бойынша биік асуларды бағындырып, кәсіби шеберлігін таныта білетін дарынды да сенімді іскер ханымдардың бар екенін мақтан тұтамыз. Сіздердің күш-жігеріңіз, білім-тәжірибелеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз командамызды толағай табыстар мен нәтижелі істерге жетелейтініне сенімдімін. 

Әрбір атқан таң Сіздерге қуаныш, шабыт және жаңа жетістіктер әкелсін! Сіздерге және отбасыларыңызға  денсаулық, шаттық, бақ-береке тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құрметпен,

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

Қайрат Мақсұтов