«Qazaq Green Power» PLC және China Energy Қазақстанның оңтүстігінде күн электр станциясының құрылысы туралы құрылтай құжаттарына қол қойды

«Qazaq Green Power» PLC және China Energy Қазақстанның оңтүстігінде күн электр станциясының құрылысы туралы құрылтай құжаттарына қол қойды

«Qazaq Green Power» PLC бас директоры Айдан Қасымбеков және China Energy Overseas Investment Co., Ltd. инвестициялық бағыты жөніндегі директоры Ван Сяньмэй ірі инвестициялық жоба – Түркістан облысында күн электр станциясын салу үшін құрылтай құжаттарына қол қойды. Салтанатты рәсімге «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов және China Energy Басқарма Төрағасы Лин Сяодан қатысты.

300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы 2025 жылдың қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Жобаны іске асыру Қазақстанның жаңартылатын энергетикасын дамытуға елеулі үлес қосып, өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады және декарбонизация жөніндегі ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін болады.