«Богатырь Көмір» ЖШС өндірісті жаңғырту бағытын жалғастыруда. Бұл жолы кәсіпорынның техникалық паркі 180 тонна жүк көтеретін 5 самосвалмен толықтырылды.
«Жұмысшы кәсіптер жылы» пайдалануға берілетін жаңа техника біздің қызметкерлеріміздің еңбек жағдайларын жақсартуға және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл компания үшін ғана емес, Қазақстанның барлық көмір өнеркәсібі үшін де қосылған маңызды үлес», - деп атап өтті кәсіпорынның бас директоры Қайрат Рғайбек.
Жаңа техниканы Технологиялық көлік басқармасының 20 тәжірибелі және білікті жүргізушілері басқаратын болады. Солардың бірі - экипаж бригадирі Нұрғали Шайзадинов көрсетілген сенім мен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге дайындық үшін алғысын білдірді. Жаңа самосвалдар аршу жұмыстарына тартылады.