Омбудсмендер кеңесінің өкілдері Мойнақ СЭС және Алатау Жарық Компаниясына барды

Омбудсмендер кеңесінің өкілдері Мойнақ СЭС және Алатау Жарық Компаниясына барды

Алматы облысында «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары Омбудсмендер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Оған «Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені Ақылов Нариман қатысты. 

Отырысқа қатысушылар «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары - Мойнақ СЭС және «АЖК» АҚ, сондай-ақ «KEGOC»АҚ-ның Алматы АЭС-інде болды. Олар электр энергиясын өндіру мен берудің өндірістік процестерімен танысып, компания қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Сондай-ақ, омбудсмендер «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Ішкі коммуникациялар және сатып алу қызметі жөніндегі форумына қатысты. Форумда ұжымдағы кәсіби мінез-құлық қағидаттары қарастырылды. Форумның жеке блогы сатып алуды өткізу мәселелеріне және отандық өндірушілерді қолдау шараларына арналды.