2025 жылдың алғашқы тоқсанында жаңа жетістікке қол жеткізілді. «Богатырь Көмір» ЖШС мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арасындағы табысты әріптестіктің арқасында ақпан айында тұтынушыларға рекордтық 3,9 миллион тонна көмір жөнелтілді.
Күн сайын қатты отын 33 түрлі бағытқа еш кідіріссіз жөнелтіліп отырды. Мұндай нәтижеге кеншілер мен теміржолшылардың жоғары үйлесімділігі мен жауапкершілігінің арқасында қол жеткізілді.
Осы жетістікке орай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Біріктірілген жоспарлау дирекциясы» филиалының директоры Вадим Копылов компанияның атына алғыс хатын жолдады.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің жүк тиеуді ұйымдастыруды жетілдіру және станция инфрақұрылымын тиімді пайдалану мәселелеріндегі белсенді ұстанымын атап өткіміз келеді. Бұл пойыздардың тұрақты жөнелтілуіне, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге және вагон паркін тиімді айналымға қосуға ықпал етеді», – делінген хатта.