Екібастұз ЖЭО-да жүргізілген оңтайландырудың арқасында отын шығыны айтарлықтай қысқарды

Екібастұз ЖЭО-да жүргізілген оңтайландырудың арқасында отын шығыны айтарлықтай қысқарды

Екібастұз ЖЭО 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңінен сәтті өтіп, жабдықтардың сенімді және тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ тұтынушыларды үздіксіз жылумен қамтамасыз етті.
Жылу беру маусымына дейін жүргізілген оңтайландыру мен жөндеу жұмыстарының арқасында отын шығынын едәуір қысқартуға қол жеткізілді: мазутты тұтыну 3,5 есеге - 3284 тоннадан 949 тоннаға дейін төмендеді. Мазутты қолдану көлемінің төмендеуі негізгі жабдықтың тұрақты жұмыс істегенін және станция жұмысының жалпы тиімділігінің артқанын көрсетеді.
Айта кетейік, 2024 жылдың маусым айында Екібастұз ЖЭО «Самұрық-Энерго» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілді. Компанияның еншілес ұйымы – «Energy Solutions Center» ЖШС қысқа мерзімде ауқымды жөндеу іс-шараларын өткізді және станцияның қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етті.
Сөйтіп, он қазандық агрегатына, турбина агрегатына қосалқы және жалпыстанциялық жабдыққа күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар күл үйіндісінің бөгетіне, ғимараттарға, құрылыстарға жөндеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ станция аумағында су тұндыру магистралі салынды.
2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық шеңберіндегі жөндеу іс-шараларының нәтижесінде станцияның негізгі жабдықтарының тозу деңгейі 3,7%-ға, 51,8%-дан 48,1%-ға, технологиялық бұзушылықтар саны 90%-ға - 191-ден 18-ге дейін төмендеді. Сонымен қатар, күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтау сенімділігіне әсер ететін бірде-бір технологиялық бұзушылық тіркелген жоқ.
Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін Екібастұз ЖЭО-да келесі күзгі-қысқы кезеңге дайындық басталды. Станцияда жөндеу жұмыстары белсенді жалғасуда. Жоспарда  тағы алты қазандық агрегаты мен №3 ст. түтін құбырын күрделі жөндеуді қоса алғанда, 11 бірлік жабдыққа 11 жөндеу жүргізу тұр.