«Самұрық-Энерго» алдағы күзгі-қысқы кезеңге энергетикалық нысандарын жөндеуге инвестицияларды екі есе арттырады

«Самұрық-Энерго» алдағы күзгі-қысқы кезеңге энергетикалық нысандарын жөндеуге инвестицияларды екі есе арттырады

Үкімет отырысында «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады. 

«Самұрық-Энерго» мәліметтері бойынша, күзгі-қысқы жылу беру кезеңі сәтті өтті. Компания қызмет көрсететін өңірлерде өндіріс кәсіпорындарын, мекемелер мен тұрғындарды жылумен тұрақты қамтамасыз етті. Жылу желілерінде температуралық режим жоспарланған көлемде сақталды. Жылу беру маусымы Алматы облысында – 7 сәуірде, Алматы қаласында – 10 сәуірде, Екібастұз қаласында – 13 сәуірде аяқталды. Шұғыл жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды жаңғыртудың нәтижесінде Екібастұз ЖЭО-да мазут шығыны 3,5 есеге төмендеді. 

«Самұрық-Энерго» құрамына 2024 жылдың маусым айында Екібастұз ЖЭО сенімгерлік басқаруға берілді. Күзгі-қысқы мерзімге дейін аз уақыт қалғанына қарамастан, Самұрық-Энерго осы аз мерзім ішінде станцияны толықтай қажетті жөндеуден өткізіп, Екібастұз қаласындағы жылу беру маусымын жоспарға сәйкес және апатсыз өткізді», — деп атап өтті «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов. 

Оның айтуынша өткен жылы «Самұрық-Энерго» өз тарапынан жөндеу шараларына 7,0 млрд теңге бөлді. 

Сонымен қатар 2024 жылы «Самұрық-Энерго» жөндеу және дайындау жұмыстарына 114 млрд теңгені құрады. 2025 жылы инвестицияларды 202,7 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. 

«Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарифтердің әділ деңгейін алу жөніндегі қолдауының нәтижесінде мүмкін болды. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың өсу әсері ұзақ мерзімді, бірақ қазірдің өзінде біз жағымды өзгерістерді көріп отырмыз, оның ішінде техникалық дайындық коэффициентінің жоғарылау үрдісі (0,7%-ға), технологиялық бұзушылықтардың төмендеуі (12%-ға) және жабдықтың тозуының төмендеуі (3%-ға) байқалуда. Бұл – жалпы жөндеу жұмыстарының өсуінің де, сапалы орындалғанының да нәтижесі», — деді басқарма төрағасы.

Биыл жөндеу науқаны 10 энергоблок пен 31 су жылыту қазандығын қоса алғанда, 105 бірлік жабдықты қамтиды. «АЖК» АҚ-да 2300 шақырым астам электр беру желілері, 211 қосалқы станса және 745 трансформатор қалпына келтірілетін болады.

Дереккөз: https://t.me/KZgovernment/16994