Power Central Asia + China энергетикалық форумы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов пен China Southern Power Grid International (CSPGI) Президенті Чжан Хэн арасында кездесу өтті. Тараптар Қазақстан Республикасында гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Аталған жоба маневрлік генерацияның қосымша резервтерін құруда, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін қарқынды енгізу аясында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие.
Жобаны іске асыруға дайындық аясында CSPGI командасы ГАЭС салуға әлеуетті алаңдарды алдын ала іріктеу бойынша жұмыстар жүргізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға және жобаның жол картасын бекітуге уағдаласты.