«Самұрық-Энерго» III Халықаралық «Орталық Азия жылу энергетикасы» форумы мен көрмесінде «Жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және қызмет көрсету саласындағы инновациялар» аталымы бойынша лауреат атанды.
Ауқымды салалық іс-шара жыл сайын Орталық Азияның энергетикалық секторының негізгі қатысушыларының басын біріктіреді. Іс-шараға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өкілдері де қатысты.
Биыл форум энергиямен тұрақты және қауіпсіз жабдықтау саласындағы стратегиялық шешімдерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды. «Самұрық-Энерго» АҚ «GR және Заңнамалық бастамалар» департаментінің бас менеджері Самал Исабаева «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының елді энергиямен қамтамасыз етудегі маңызды рөлі және компанияның перспективті жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлары туралы ақпаратты ұсынды.
«Самұрық-Энерго» АҚ нарықта көшбасшы орынға ие және энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы, генерацияның сенімділігі және энергия ресурстарының қолжетімділігі секілді үш негізгі қағидатқа негізделген жылу энергетикасы секторын дамыту стратегиясын дәйекті түрде іске асырады. Компания инновациялық технологияларды енгізе отырып, қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды салу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.