Самұрық-Энерго басшысы Алматы 2-ЖЭО-ға барды

Самұрық-Энерго басшысы Алматы 2-ЖЭО-ға барды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Алматыға жұмыс сапары аясында АлЭС-тің және өндірістік департаменттердің басшылығымен кеңес өткізді. Ол 5 айдағы қаржы-шаруашылық қызметі, КҚК-ге дайындық аясында жөндеу науқанының өту барысы туралы баяндаманы тыңдады.

Кеңес қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарын уақтылы сапалы жүргізу және күзгі-қысқы кезеңге толық дайындықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Кеңестен кейін Самұрық-Энерго басшысы Алматы 2-ЖЭО аумағындағы жаңа бу-газ қондырғысының құрылыс алаңын аралап көрді, онда газ турбинасының бірінші жиынтығын орнату жұмыстары басталды.

Алматы 2-ЖЭО-ны қоршаған ортаға әсерін мейлінше азайта отырып жаңғырту жобасы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатыр.