«Самұрық-Энерго» АҚ командасы мини-футболдан QAZAQSTAN QYZMET CUP 2025 Қазақстан чемпионатында екінші орын алды. Түнгі лига форматындағы турнирге мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, құқық қорғау құрылымдарының және дипломатиялық қызметтердің командалары қатысты.
Топтық кезеңде Самұрық-Энерго командасы ТЖМ Aviation Administration of Kazakhstan және BATYR TEAM командаларын жеңіп, QR IIM және Астана қаласы білім беру қызметкерлері кәсіподағының мықты қарсыластарымен кездесті.
Плей-офф кезеңінде Самұрық-Энерго футболшылары жарқын ойын үлгісін көрсетті. Ширек финалда олар Парламент командасын, жартылай финалда - «KEGOC» АҚ спортшыларын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды. Бірінші орын үшін қызу күресте «Самұрық-Энерго» командасы «ҚТЖ «ҰК» АҚ құрама командасына есе жіберіп, екінші орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша Самұрық-Энерго командасы 7-10 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында өтетін QQC Super CUP 2025 Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысуға шақыру алды.