Самұрық-Энерго басшысы еншілес компанияларда өндірістік қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді тапсырды

Самұрық-Энерго басшысы еншілес компанияларда өндірістік қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді тапсырды

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов өндірістік қауіпсіздік жөніндегі кеңесте компаниялар тобының 2025 жылғы шілдедегі қызметін қорытындылады, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Кеңесте «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры баяндама жасап, онда еншілес және тәуелді ұйымдарда (ЕТҰ) еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласында орын алып отырған кемшіліктерге назар аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша Самұрық-Энерго басшысы ЕТҰ-ның бірінші басшыларының алдына бірқатар міндеттер қойды: өндірістегі қауіпсіздікті бақылауды күшейту және жарақаттанудың алдын алуға, қызметкерлер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға баса назар аудару.

Сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне жол берген еншілес ұйымдарда еңбекті қорғауға жауаптыларға қатысты тәртіптік жаза қолдануды тапсырды.