ҚҚІК шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қазақстанда гидроаккумуляциялық станцияны салу бойынша China Southern Power Grid International (CSGI) компаниясымен жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге және China Energy Engineering Corporation (CEEC) компаниясымен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Инвестициялар жөніндегі бас директоры А.А. Айдаров «Энергетика саласындағы практикалық ынтымақтастықты тереңдету және орнықты жасыл дамуға жәрдемдесу» тақырыбындағы пленарлық сессияға қатысты.
Сапар барысында Қ.Б. Мақсұтов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді:
Powerchina Shandong Electric Power Construction Co., Ltd. (SEPCO1) компаниясымен «Алматы 2-ЖЭО-нің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуды көздейтін жаңғырту» жобасын іске асыру мәселелері талқыланды;
China International Water & Electric Corporation (CWE) және Northeast Electric Power Design Institute Co., Ltd. (NEPDI) компанияларымен технологиялық жаңғырту жобалары және инновациялық әзірлемелердің болашағы бар бағыттары қарастырылды;
Tebian Electric Apparatus (TBEA) компаниясымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қосалқы станциясын жаңғырту жобасы және көмір өндіру мен тасымалдау үдерісінде автоматтандырылған әрі цифрлық шешімдерді қолдану аясындағы әлеуетті ынтымақтастық талқыланды.