«Самұрық-Энерго» басшылығы мен Abu Dhabi Future Energy Company PJSC – Masdar компаниясы арасында ЖЭС жобасы бойынша кездесу өтті

«Самұрық-Энерго» басшылығы мен Abu Dhabi Future Energy Company PJSC – Masdar компаниясы арасында ЖЭС жобасы бойынша кездесу өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Masdar компаниясының даму және инвестициялар жөніндегі директоры Абдулла Зайедпен кездесу өткізді. Тараптар Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясының құрылысын бастауға қатысты негізгі аспектілерді, соның ішінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімін талқылады. 

Келіссөздердің жеке тақырыбы ретінде жобаны іске асырудың практикалық кезеңіне уақтылы көшу үшін қажетті EPC-шартын жасасуға дайындық мәселесі қаралды. Келіссөздер барысында тиімді командалық ынтымақтастық нәтижесінде жобаның табысты ілгерілеп жатқаны атап өтілді және тараптардың одан арғы өзара іс-қимылының басымдықтары айқындалды. Кездесуге қатысушылар жобаны уақытылы жүзеге асыруға өзара мүдделілік танытып, оның өңірдің және елдің орнықты дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.