Богатырь Көмір өндіріс көлемін ұлғайтуда

Богатырь Көмір өндіріс көлемін ұлғайтуда

2025 жылдың қаңтар-шілде айларында «Богатырь Көмір» ЖШС 24,5 млн тонна көмір өндірді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% - ға артық.

2025 жылдың 7 айында көмір сату 24,6 млн тоннаны құрады, оның ішінде: 

-Қазақстанның ішкі нарығына – 18,8 млн тонна; 

-экспортқа – 5,8 млн тонна. 

Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша көмір сатудың жалпы көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9%-ға ұлғайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС тұрақты өсу және өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру стратегиясын ұстана отырып, нарық қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз етуді жалғастыруда.