Самұрық-Энерго және China Energy International Group ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

Самұрық-Энерго және China Energy International Group ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов China Energy International Group Co., Ltd. Президенті Цяо Сюбин мырзамен кездесу өткізді, оған Energy China еншілес қоғамдастықтарының басшылары қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар Energy China компаниясының Қазақстан Республикасындағы инвестиция салу бойынша қызметі мен жоспарларын талқылады. Бірлескен негізгі бағыттардың бірі - жиынтық қуаты 800 МВт жаңартылатын энергия көздері саласындағы жоба болып табылады. Ол Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясы мен Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын салуды қамтиды.

Тараптар жобаны іске асыру барысын және алдағы қадамдарды, соның ішінде КЭС жобасы бойынша EPC-келісімшартқа қол қою және ағымдағы жылдың 4-тоқсанында құрылысты бастау мәселелерін қарастырды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде ШЫҰ саммитінде қол қойылған стратегиялық келісім шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған станцияларын жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған жобалық және техникалық шешімдермен бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлік расталды.