Самұрық-Энерго басшысы мен Түркістан облысының әкімі ЖЭК жобасын іске асыру мәселесін талқылады

Самұрық-Энерго басшысы мен Түркістан облысының әкімі ЖЭК жобасын іске асыру мәселесін талқылады

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде Түркістан облысының Сауран ауданында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асырудың мәселелері мен ағымдағы мәртебесі қаралды.

Жоба 2024 жылғы қарашада COP29 конференциясы алаңында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасындағы «Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы» Келісім шеңберінде іске асырылуда.

Тараптар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланып отырған ЕРС-келісімшартын дайындау және оған қол қою бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ алаңдағы дайындық іс-шараларының ағымдағы барысын талқылады.

Жобаның аймақ үшін стратегиялық маңыздылығы, оның жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға қосқан үлесі атап өтілді.