«Самұрық-Энерго» АҚ халықаралық стандарттарға сәйкестігін растап, ISO 37301 сертификатын алды

«Самұрық-Энерго» АҚ халықаралық стандарттарға сәйкестігін растап, ISO 37301 сертификатын алды

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқарудың жоғары деңгейін және орнықты даму қағидаттарына бейілділігін растай отырып, менеджмент жүйелерінің халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудиттен сәтті өтті.

Жүргізілген аудиттің негізгі нәтижесі ISO 37301:2021 «Комплаенс менеджмент жүйесі (Compliance Management System)» сертификатына қол жеткізу болды. «Самұрық-Энерго» АҚ осы халықаралық стандартқа сәйкес комплаенс-менеджмент жүйесін енгізген және сертификатын алған компаниялардың бірі болды.

ISO 37301 сертификатын алу корпоративтік басқару жүйесінің жоғары жетілгендігін, іскерлік этиканың жоғары стандарттарына адалдығын және Компания қызметінің ашықтығын көрсетеді.