«Богатырь Көмір» ЖШС-ның қызметкері Бахтияр Мендыбаев «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында II Қысқы Спартакиада аясында өткен Samruk Ski Race шаңғы жарысының қола жүлдегері атанды. Ол 51 мен 60 жас аралығындағы ерлер арасында 2,5 км қашықтықта үшінші болып мәреге жетті.
Жарысқа барлығы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 20-дан астам қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты Қор компаниялары тобының командалық рухын нығайту және қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.






