«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялармен бірлесіп, «Алатау Жарық Компаниясы» және «Алматы электр станциялары» АҚ-да өндірістік қауіпсіздік бойынша кешенді аудит жүргізді. Тексеру шаралары осы жылдың 9-13 ақпан аралығында өтті.
Аудиттің мақсаты өндірістік қауіпсіздікті басқарудың қолданыстағы жүйелерін, еңбекті қорғау талаптарын сақтау деңгейін, сондай-ақ өндірістік тәуекелдерді басқару тәжірибесінің тиімділігін жан-жақты бағалау болды. Тексеру аясында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, бейнеаналитика жүйесін дамытуды қоса алғанда, цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.
Аудит қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Жиын «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еңбекті қорғау секторының басшысы Ербол Елекеевтің төрағалығымен өтті. «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан «Еңбекті қорғау» департаментінің директоры Дүйсенбек Шардарбеков қатысты.
Сонымен қатар, Ербол Елекеев «АлЭС» АҚ-да енгізілген бейнеаналитика жүйесінің жұмысымен, соның ішінде еңбекті қорғау талаптарының сақталуын мониторингтеу және ықтимал қауіпті жағдайларды жедел анықтау үшін жасанды интеллект құралдарының тәжірибелік қолдануымен танысты.
Кеңес аясында тексеру нәтижелері егжей-тегжейлі қаралды, одан әрі жетілдіру бағыттары және түзету іс-шараларының кешені айқындалды. Қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға, алдын алу шараларын дамытуға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі басшылардың дербес жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.


