Өндірістік қауіпсіздік форумы: Нөлдік жарақаттануға қадам

Өндірістік қауіпсіздік форумы: Нөлдік жарақаттануға қадам

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Safe Way – Қауіпсіздікке апарар жол» атты өндірістік қауіпсіздік форумы өтті.

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, «Самұрық-Қазына» АҚ, Қордың портфельдік компаниялары, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымдарының басшылары мен еңбекті қорғау қызметтерінің өкілдері қатысты.

Форумды аша отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов өндірістік қауіпсіздік – Компанияның ең басты стратегиялық басымдығы екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – жарақаттың орын алуына жол бермеу. Қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін басшылардың көшбасшылығы айқындайды. Жеке үлгі, ережелердің қатаң ұстану, талапшылдық және тәуекелге мүлде төзбеушілік нақты өзгерістерді қалыптастырады», – деген «Самұрық-Энерго» басшысы форум қатысушыларына бірлескен нәтижелі жұмыс тіледі.

Өз сөзінде «Самұрық-Қазына» АҚ Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік секторының басшысы Ербол Елекеев «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейінің тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол «Самұрық-Энерго» басшысы Қордың портфельдік компаниялары арасында еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша ең белсенді CEO ретінде танылғанын, бұл жауапты әрі проактивті көшбасшылық үлгісі екенін атап айтты.

Іс-шара аясында 2025 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызмет қорытындылары шығарылып, тәуекелдерді басқарудың өзекті мәселелері және алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру шаралары қарастырылды.

Форум барысында еңбекті қорғау саласында үздік нәтижелер көрсеткен еншілес ұйымдардың қызметкерлері марапатталды. Еңбек қауіпсіздігі бойынша корпоративтік көрсеткіштерді бағалау қорытындысы бойынша еншілес және тәуелді ұйымдар арасында Өскемен СЭС пен Екібастұз 2-МАЭС көшбасшы деп танылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы саясатты жүйелі түрде жүзеге асырып келеді, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдық болып табылады.