Дұрыс тамақтану — еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігінің негізі

Дұрыс тамақтану — еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігінің негізі

Самұрық-Энергоның компаниялар тобында «Тамақтану — салауатты өмір салтының негізі: заманауи тәсілдер мен тәжірибелік шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар теңгерімді тамақтанудың қызметкерлердің денсаулығына, созылмалы аурулардың алдын алуға және еңбек өнімділігін арттыруға әсерін талқылады.

Дұрыс тамақтану адамның белсенділігіне, зейіннің шоғырлануына ықпал етіп, өндірістегі жарақат алу қаупін төмендетуге көмектесетіні атап өтілді.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар тақырыптың өзектілігін, Қоғамның компаниялар тобы қызметкерлері арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.