«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде ҚР СТ ISO 37001-2017 (ISO 37001:2016) ұлттық стандарты талаптарына сәйкес парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алды.
Сертификаттың алынуы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тиімді комплаенс-бақылау жүйесін дамыту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктерін жетілдіру және корпоративтік басқаруда ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ орнықты әрі жауапты бизнес жүргізу қағидаттарын іске асыру аясында комплаенс жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.
