Келіссөздерге «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов және China Energy International Group компаниясының вице-президенті, президенттің міндетін атқарушысы Линь Сяодань қатысты. Тараптар негізгі жобалардың іске асырылу барысын талқылады, оның ішінде Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясын және Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясын салу жобалары бар.
Жобаларды іске асыру кестесіне ерекше назар аударылды, оның ішінде құрылыс жұмыстарын бастау және нысандарды пайдалануға беру мерзімдері, сондай-ақ EPC-мердігерді таңдау мәселелері қарастырылды. «Самұрық-Энерго» АҚ ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін Инвестициялар туралы келісімді жасасу рәсімдерін аяқтау, құрылыс алаңына шығу күнін айқындау және EPC-келісімшартын мамыр айынан кешіктірмей жеделдетіп қол қою қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық қамту үлесін ескере отырып, жел қондырғыларының жеткізушісін уақтылы таңдаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады және Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамытуға бағытталған жобаларды жедел іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.


