Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қайрат Мақсұтов Shanghai Electric Group Co., Ltd. президенті Чжу Чжаокаймен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар ағымдағы ынтымақтастықтың мәртебесін талқылады, оның ішінде Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт «Мирный» жобасының іске асырылуы бар. Жоба TotalEnergies компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда, ал Shanghai Electric қазақстандық-қытайлық консорциум құрамында EPC-мердігер ретінде қатысуда.
Ағымдағы жылдың 18 наурызында «Самұрық-Энерго» АҚ серіктестерімен бірге қуаты 1 ГВт жел электр станциясы құрылысының басталуын білдіретін уақыт капсуласын салу рәсімін өткізді.
Shanghai Electric Group компаниясының қазақстандық серіктеспен консорциумға қатысуы тараптардың жергіліктендіру қағидаттарына және ұлттық өнеркәсіптік әлеуетті дамытуға бейілділігін көрсетеді.
2025 жылғы қазанда қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделген алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттарына ерекше назар аударылды. Олардың қатарында — жабдық өндірісін жергіліктендіру, цифрландыру және зияткерлік технологияларды энергия нысандарын басқаруға енгізу, энергияны жинақтау жүйелерін енгізу, сондай-ақ қол жеткізілген келісімдерді практикалық іске асыру үшін бірлескен жұмыс тобын құру бар.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілігін растады және бірлескен жұмыс Қазақстан тарихындағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірін табысты іске асыруға ықпал ететініне сенім білдірді.




