Самұрық-Энергоның қызметкерлері Балаларды қолдау орталығы аумағында экологиялық сенбілік өткізді

Самұрық-Энергоның қызметкерлері Балаларды қолдау орталығы аумағында экологиялық сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкерлері елордалық Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерімен бірге жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олар орталық аумағын қоқыстан тазартып, ағаштар отырғызып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

 Мұндай бірлескен бастамалар балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік сезімі мен қоршаған ортаға деген ұқыпты көзқарасын дамытады.