Самұрық-Энерго — IV Charity Samruk Marathon жүлдегерлері қатарында

Самұрық-Энерго — IV Charity Samruk Marathon жүлдегерлері қатарында

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған IV Charity Samruk Marathon қайырымдылық марафоны аяқталып, 3 000-нан астам қатысушыны біріктірді.

«Самұрық-Энерго» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері марафонға белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен үздік спорттық нәтижелер көрсетті.

Мойнақ СЭС Басқарма төрағасы Исмұхамбетов Газий Жұмабайұлы 60+ жас санатында 5 км қашықтықта 1-орын иеленіп, айрықша нәтиже көрсетті.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Марафон тек спорттық жарыс алаңы ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік бастама болды: жиналған қаражат инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталады.