Предиктивті ЖИ-аналитика: Екібастұз 1-МАЭС-те жабдықтардың зияткерлік мониторингі енгізілуде

Предиктивті ЖИ-аналитика: Екібастұз 1-МАЭС-те жабдықтардың зияткерлік мониторингі енгізілуде

Самұрық-Энерго компаниялар тобының нысандарында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Екібастұз 1-МАЭС станциясында жабдықтардың сенімділігін арттыруға және жоспардан тыс тоқтап қалу тәуекелдерін төмендетуге бағытталған предиктивті диагностика жүйесін енгізу жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа тәсіл ауытқулар мен ықтимал ақауларды бастапқы сатысында анықтауға, жөндеу жұмыстарын уақтылы жоспарлауға және жоспардан тыс тоқтап қалу жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік береді. 

Бұл үшін дірілді, акустикалық және басқа да өлшеу-бақылау құралдарынан келіп түсетін тарихи және ағымдағы деректер пайдаланылады. Олар жабдық жұмысының өзгерістерін тіркеп, апаттық жағдайлар туындағанға дейін ықтимал істен шығуларды болжауға мүмкіндік береді.

ЖИ-шешімді енгізу нәтижесінде: 

∙ апаттық тоқтаулар мен жоспардан тыс жөндеулер санын азайту; 

∙ жабдықтардың тоқтап қалу уақытын қысқарту; 

∙ техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындарын оңтайландыру; 

∙ генерациялайтын активтердің сенімділігі мен өндірістік процестердің тиімділігін арттыру жоспарлануда. 

Жоба қазіргі таңда іске асырылу үстінде, оны біртіндеп енгізіп, кейіннен компаниялар тобының өзге де генерация нысандарына жүзеге асыру көзделген.