«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов TBEA Co., Ltd. компаниясының президенті Чжун Яньминмен кездесу өткізді. Тараптар энергетикалық жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында өзара іс-қимылдың әлеуетті бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздері мен су электр станциялары саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ жабдықтар жеткізу мәселелері талқыланды.
TBEA — күн энергетикасына арналған жабдықтар мен құрамдас бөлшектерді, трансформаторлар мен өзге де электр жабдықтарын өндіруге маманданған Қытайдың жетекші электротехникалық компанияларының бірі.



