«Самұрық-Энерго» АҚ-да Мінез-құлық кодексінің ережелері бойынша оқу өткізілді

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Мінез-құлық кодексінің ережелері бойынша оқу өткізілді

«Самұрық-Энерго» АҚ-да компания қызметкерлеріне арналған оқу іс-шарасы ұйымдастырылып, оның мақсаты Мінез-құлық кодексінің талаптары мен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзекті өзгерістер туралы хабардарлық деңгейін арттыру болды. 

Оқытуды «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Комплаенс» қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға, корпоративтік құндылықтарды нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың аясында ұйымдастырды. 

Іс-шара барысында қатысушыларға этикалық мінез-құлық қағидаттарын сақтау, мүдделер қайшылығын алдын алу, кемсітушілік пен қысым көрсетуге жол бермеу, адам құқықтарын сақтау, сондай-ақ ықтимал бұзушылықтар туралы хабарлау тәртібін реттейтін Мінез-құлық кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді. 

Сонымен қатар, Мінез-құлық кодексін іс жүзінде қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесінен алынған мысалдар негізінде заңсыз материалдық сыйақы беру және алу үшін жауапкершілікке тарту жағдайлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтамаудың салдары қарастырылды. 

Осындай іс-шараларды өткізу «Самұрық-Энерго» АҚ-ның адалдық мәдениетін дамыту, комплаенс функциясын нығайту және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.