Жасанды интеллект даму драйвері ретінде: «Самұрық-Энерго» АҚ тәжірибесі UMAI Gas форумында таныстырылды

Жасанды интеллект даму драйвері ретінде: «Самұрық-Энерго» АҚ тәжірибесі UMAI Gas форумында таныстырылды

«Самұрық-Энерго» АҚ «Жасанды интеллект және цифрлық технологияларды дамыту» департаментінің директоры Ләззат Шәмішева UMAI Gas «Skills. Opportunities. Leadership» әйелдер клубының форумында баяндама жасады.

  Форум еңбек нарығы мен корпоративтік ортаны қалыптастыратын жаһандық трендтерді, болашақтың өзекті дағдыларын, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың кәсіби қызметтегі рөлін талқылауға арналған алаңға айналды.

  Сөйлеген сөзінде Ләззат Шәмішева заманауи технологиялардың жабдықтың сенімділігін, персоналдың қауіпсіздігін және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға қалай көмектесетінін көрсете отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы негізгі жобаларын таныстырды.

Баяндаманың негізгі ойы жасанды интеллектінің адамды алмастыра алмайтынына, тек оның мүмкіндіктерін күшейте түсетіндігіне келіп сайды. Цифрлық трансформация жағдайында жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалана білу, деректермен жұмыс істеу және өз құзыреттерін үздіксіз дамыта білу мүмкіндігі ең сұранысқа ие дағдылардың біріне айналуда.