Moody's Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға алғаш рет «Тұрақты» болжамымен шетелдік және ұлттық валютадағы Baa2 инвестициялық деңгейіндегі эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингін берді. Fitch шкаласымен салыстырғанда бұл деңгей бұрын BB+ деңгейінде расталған Fitch Ratings компаниясының қолданыстағы рейтингінен екі саты жоғары.
Инвестициялық рейтинг беру «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қаржылық жағдайының орнықтылығын, компанияның Қазақстанның энергетика жүйесіндегі нарықтық ұстанымының мықты екенін және стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ операциялық қызмет бойынша өсу көрсеткішінің орнықтылығын көрсетеді.
Агенттіктің бағалауы бойынша компанияның қызметі қолайлы реттеуші ортада жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді тарифтік реттеу, қуат үшін төлем тетігі және тарифтерді қайта қарау мүмкіндігі кірістердің болжамдылығын қамтамасыз етеді және ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін жағдай жасайды. Moody's тұрақтылықтың қосымша факторы ретінде Қазақстандағы электр энергиясына деген сұраныстың артуын және генерациялаушы қуаттардың сақталып отырған тапшылығын атайды, бұл компанияның жұмыс істеп тұрған электр станцияларының жүктемесінің жоғары екенін көрсетеді.
Moody's сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ активтерінің ауқымы мен әртараптандырылуын жоғары бағалады. Компания еліміздің белгіленген қуатының үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді, Қазақстандағы су электр станцияларының аса ірі иесі болып табылады, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асырады және негізгі өндірістік объектілерді дәйекті түрде жаңғыртады. Агенттік компанияның қаржылық көрсеткіштерінің соңғы жылдары сенімді түрде өскенін атап өтеді және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру аяқталғаннан кейін операциялық нәтижелердің одан әрі нығаюын болжайды.
Moody's агенттігінен инвестициялық деңгей рейтингін алу «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кредит қабілеттілігінің жоғары екенін растайды, халықаралық инвесторлар мен қаржы институттары тарапынан сенімді нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ компанияның Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және энергетикалық кешенін орнықты дамытуға бағытталған стратегиялық жобаларды іске асыру үшін ұзақ мерзімді қаржыландыру тарту жөніндегі мүмкіндіктерін кеңейтеді.
