Самұрық-Энерго 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жазатайым оқиғалар санын екі есеге азайтты

Самұрық-Энерго 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жазатайым оқиғалар санын екі есеге азайтты

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Компания басшысы Қайрат Мақсұтовтың төрағалығымен биылғы жылдың алты айындағы еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңес өтті.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындарында адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғаларға жол берілген жоқ, ал өндірістік оқиғалар саны екі есеге азайды. LTIF коэффициенті (еңбекке қабілеттіліктен айырылуға әкелген жарақаттану жиілігі) 0,10-ды құрады, бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен айтарлықтай төмен.

Кеңес барысында Қоғам басшылығы оқиғалардың себептеріне талдау жасап, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қосымша шараларды белгіледі.

Сондай-ақ жүргізілген корпоративтік тексерулердің қорытындылары мен бейнеталдау жүйелерін, «ақылды каскаларды» және SKY чат-ботын қоса алғанда, цифрлық шешімдерді енгізу нәтижелері қаралды.

Екінші жартыжылдықта қауіпсіз еңбек мәдениетін одан әрі дамыту және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді еңбекті қорғау үдерістеріне интеграциялау басым бағыттар болып табылады.

Кеңесті қорытындылаған Қайрат Мақсұтов өндірістік қауіпсіздік Компанияның негізгі басымдығы екенін, ал қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау әрбір басшы мен қызметкерден күнделікті жауапкершілікті талап ететінін атап өтті. Еншілес ұйымдардың басшыларына профилактикалық жұмысты күшейту, өндірістік тәуекелдерді барынша азайту және жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.