«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесу өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ-да «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесу өтті

Сайлауалды науқан аясында «Әділет» партиясының өкілдері «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұжымымен кездесті. Іс-шараға еншілес компаниялардың қызметкерлері де онлайн форматта қатысты.

Кездесуді «Әділет» партиясының Астана қаласы «Нұра» аудандық филиалының төрағасы Жанар Жакупова ашты.

Кездесу барысында ҚР Құрылтай депутаттығына үміткерлер Гүлназ Атамқұлова, Татьяна Савельева, Тілектес Адамбеков және Гүлісхан Нахбаева сөз сөйледі. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, экономиканы дамыту, қызметкерлерді қолдау, әлеуметтік қорғауды күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтитын негізгі басымдықтары туралы айтып берді.

Кездесу соңында компания қызметкерлері сайлауалды бағдарламаның ережелеріне қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Партия өкілдері сұрақтарға жауап беріп, талқыланған мәселелер бойынша өз ұстанымдарын түсіндірді.