Самұрық-Энерго отандық өндірушілерді қолдау шараларын күшейтіп, жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты кеңейтуде

Самұрық-Энерго отандық өндірушілерді қолдау шараларын күшейтіп, жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастықты кеңейтуде

«Самұрық-Энерго» АҚ-да отандық өндірісті дамыту және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Асқар Балтабаев компания көрсеткіштерінің оң қарқынын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елішілік құндылық үлесі тауарлар бойынша 82%, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша 92% құрады.

2026 жылға арналған сатып алу жоспарына сәйкес, жалпы сомасы 964,7 млрд теңгеге шарттар жасасу жоспарланып отыр. Оның ішінде 575,7 млрд теңге елішілік құндылығы бар тауарларға тиесілі. Бұл ретте елішілік құндылық көлемі 2025 жылмен салыстырғанда 171,5 млрд теңгеге артады деп күтілуде.

Компания офтейк-келісімшарттар бойынша жоспарланған көрсеткіштерден де асып түсті. 2025 жылы жалпы сомасы 26 млрд теңгеге 38 келісімшарт жасалды, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 135%-ға артық. 2026 жылы жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 14 келісімшарт жасалды.

Іс-шара аясында екі офтейк-келісімшартқа қол қойылды: «Алматы электр станциялары» АҚ мен «Экотек Инжиниринг» ЖШС арасында кері осмос қондырғысына арналған мембраналарды жеткізу бойынша, сондай-ақ «Өскемен СЭС» ЖШС мен «Asia Snab Group» ЖШС арасында өздігінен реттелетін жылыту кабелін жеткізу бойынша келісімшарттар жасалды.

Сонымен қатар отандық өндірушілермен B2B-кездесулер өтіп, осы басқосу барысында қазақстандық компаниялардың сатып алуға қатысу мәселелері талқыланды.

«Самұрық-Энерго» АҚ отандық өндірушілерді жүйелі түрде қолдау, елішілік құндылықты дамыту және жергілікті бизнеспен ынтымақтастықты кеңейту шараларын жалғастыруда.