Екібастұз МАЭС-терінде күзгі-қысқы кезеңге дайындық белсенді жүргізілуде

Екібастұз МАЭС-терінде күзгі-қысқы кезеңге дайындық белсенді жүргізілуде

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ғалымбек Ауталипов Екібастұз өңіріне жұмыс сапарымен барып, Екібастұз 1-МАЭС және 2-МАЭС станцияларында болды. Ол жөндеу науқанының барысымен, негізгі инвестициялық жобалардың іске асырылуымен танысып, өндірістік нысандар мен құрылыс алаңдарын аралады.

Сапар барысында станция басшыларының баяндамалары тыңдалып, энергетикалық нысандар жұмысының сенімділігін арттыру және алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалу мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ғалымбек Ауталипов жөндеу науқанының белгіленген мерзімдерін сақтау, қажетті материалдармен және жөндеу персоналымен уақтылы қамтамасыз ету, сондай-ақ мердігер ұйымдар орындайтын жұмыстардың сапасы мен мерзімдеріне бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, жабдықтардың сенімділігі мен жұмыс тиімділігін арттыруға, негізгі инвестициялық жобаларды бекітілген кестелерге сәйкес аяқтауға ерекше назар аударылды.