Отандық өндірушілерді қолдау және елішілік құндылықты дамыту мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Асқар Балтабаев пен Қоғамның еншілес ұйымдарының өкілдері «Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС-ға барды.
Жұмыс сапары барысында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өкілдері кәсіпорынның өндірістік қуатымен, шығаратын өнімдерімен және технологиялық мүмкіндіктерімен танысты.
«Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС турбоагрегаттарды жобалау, жаңғырту, жөндеу және монтаждау, жекелеген тораптарды дайындау, жоғары қысымды цилиндрлер мен роторларды жаңғырту, қосалқы жабдықтар мен турбиналарды автоматты реттеу жүйелерін реконструкциялау саласында 30 жылдан астам тәжірибеге ие.
Кездесу барысында тараптар алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын және отандық өнімдерді «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының нысандарында қолдану мүмкіндіктерін талқылады.




