Астанада «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобының жастарымен бірге «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясындағы экологиялық акцияға қатысты.
Плоггинг бастаманың алғашқы күні — «Тазалық күні» аясында өтті. Елордада 200-ден астам қатысушы бірлесіп, 400 қаптан астам қоқыс жинады.
Акцияға еліміздің өңірлеріндегі Самұрық-Энергоның еншілес ұйымдарының қызметкерлері де қосылды.




