Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Жастар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жас қызметкерлерімен бірге Қордың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясындағы «Инклюзия күніне» қатысты.
Іс-шара Астанадағы Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде өтті. Жас мамандар инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған сабақтардың ұйымдастырылу ерекшеліктері туралы білді. Сондай-ақ балалармен бірге уақыт өткізіп, оларға сыйлықтар табыстады.
«Инклюзия күні» қатысушыларға балалармен жақынырақ танысып, олардың қызығушылықтары туралы көбірек білуге, сондай-ақ құрметке және тең мүмкіндіктерге негізделген инклюзивті мәдениетті дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.






