«Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында Самұрық-Энерго тобының кәсіпорындары өңірлерді көгалдандыруға белсенді қатысты.
Екібастұз 1-МАЭС қызметкерлері Энергетиктер көшесінде көшеттер отырғызды, Өскемен СЭС қызметкерлері Тәуелсіздік монументі маңын көгалдандыруға атсалысты, ал «Богатырь Көмір» ұжымы Екібастұздағы «Шахтер» саябағын көгалдандыруға үлес қосты.
АЖК, АлЭС пен Екібастұз 2-МАЭС-те Көгалдандыру күні жұмыс кеңістіктерінде жалғасты. Қызметкерлер бөлме өсімдіктерін отырғызып, жұмыс орындарын жасыл желекке айналдырды.






