Самұрық-Энерго компаниялар тобының мамандары арасында өндірістік қауіпсіздік бойынша олимпиада өтті. Байқауға еншілес ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласында қызмет атқаратын мамандары қатысты.
Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, өндірістік қауіпсіздік талаптары бойынша білімдерін, тәуекелдерді талдау дағдыларын және түрлі өндірістік жағдайларда шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік мамандар анықталды:
- I орын — Олег Гриднев («Өскемен СЭС» ЖШС);
- II орын — Айман Кунышпаева («Екібастұз 2-МАЭС» ЖШС);
- III орын — Сәкен Аусафин («АлЭС» АҚ).
Олимпиада кәсіби тәжірибе алмасуға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тәсілдерін одан әрі жетілдіру алаңына айналды. «Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік жарақаттанудың алдын алу, кәсіби құзыреттерді арттыру және топтың барлық ұйымдарында қауіпсіздік мәдениетін нығайту бағытындағы жұмысты жалғастырады.





