Самұрық-Энергоның IT-мамандары елорда мектебінде жасанды интеллект бойынша тренинг өткізді

Самұрық-Энергоның IT-мамандары елорда мектебінде жасанды интеллект бойынша тренинг өткізді

Цифрлық сауаттылық күні «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ «ЖИ және цифрлық технологияларды дамыту» департаментінің мамандары Астанадағы №22 мектеп-гимназияның педагогтеріне практикалық тренинг өткізді.

Самұрық-Энергоның сарапшылары мұғалімдерді жасанды интеллект пен вайб-кодингтің — ЖИ көмегімен цифрлық өнімдер жасау тәсілінің мүмкіндіктерімен таныстырды. Практикалық бөлімде қатысушылар жас педагогтердің мектепке бейімделу кезеңінде оларға көмектесетін ақпараттық ресурс әзірледі.

Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану мәселесі тренингтің арнайы тақырыбына айналды. Педагогтерге физика сабағының интерактивті форматы көрсетілді, онда ХХ ғасырдың белгілі ғалымдары өз өмірбаяны, ғылыми жаңалықтары мен қызықты деректері туралы цифрлық форматта баяндап берді.

Тренинг педагогтерге заманауи ЖИ құралдарының көрнекі әрі интерактивті оқу материалдарын әзірлеуге және оқушылармен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін қолдануға қалай көмектесетінін көрсетті.

Фото Akorda.kz