Самұрық-Энергоның қызметкерлері жаппай сенбілікке қатысты

Самұрық-Энергоның қызметкерлері жаппай сенбілікке қатысты

Астанада «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өкілдерімен бірге жаппай сенбілікке қатысты.

Экологиялық іс-шараға қатысушылар Желілік саябақ аумағын қоқыстан тазартып, елорданың қоғамдық кеңістігін абаттандыруға атсалысты.

Сенбілік экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға бағытталған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясын қолдаудағы тағы бір ортақ іске айналды.