«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Екібастұз қаласы мен оған іргелес аумақтарды көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастыруда. 2025–2026 жылдары отырғызылған және отырғызу жоспарланған ағаштар мен бұталардың жалпы саны 22 мыңнан асады. Бұл жұмыстар Павлодар облысының әкімдігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум, сондай-ақ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындардың экологиялық бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда.
Негізгі мақсат – энергетикалық нысандардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту, ауа сапасын жақсарту және қала тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру.
Көгалдандыру жұмыстарына компаниялар тобының кәсіпорындары – «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС, «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ, «Екібастұз ЖЭО» ЖШС және «Богатырь Көмір» ЖШС қатысуда.
Көгалдандыру жұмыстары қала көшелерін, саябақтарды, кәсіпорындар аумақтарын, санитарлық-қорғау аймақтарын, көмір кеніштері мен күл үйінділеріне жақын орналасқан учаскелерді қамтиды. Бұл аумақтарға пирамидалы теректер, үйеңкі, қарағаш, жөке, шетен, мамыргүл, қараған және басқа да ағаштар мен бұталар отырғызылуда.
«Самұрық-Энерго» АҚ үшін көгалдандыру – бір реттік акция емес, қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Елдің энергетикалық әлеуетін дамыта отырып, компаниялар тобы Екібастұздың экологиялық болашағына да инвестиция салуда. Бұл жұмыстар қаланың қазіргі және келешек ұрпақ үшін жасыл, таза әрі жайлы мекенге айналуына бағытталған.
